«Кітап оқу көшбасшысы» сайысы

«Кітап оқу көшбасшысы» сайысы

2021 kz«Кітап оқу көшбасшысы» – «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» мәдени жобасы аясындағыбалалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу сайысы. Сайысқа 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.

«Бекітемін»

А. С. Пушкин атындағы ШҚО

кітапханасының директоры

___________ Б. Шағиева

ЕРЕЖЕ

«Кітап оқу көшбасшысы»

«Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» мәдени жобасы аясындағыбалалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу сайысы.

Сайыстың мақсаты:

  • Балалар мен жастардың оқуға деген қабілеттерін арттыру;
  • 2021 жыл -Балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды қолдау жылына орай сайыс ұйымдастыру;

3. Олардың өздігінен кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

4. Жастар арасында ақпараттық мәдениетті дамыту.

Сайыстың міндеттері:

  • Жастар мен балалардың оқу белсенділігін, олардың зейін салып оқуын ынталандыру;
  • Кітап кейіпкерлерінің әрекеттерін бағалау;
  • Оқыған шығармасы жайлы ойымен бөлісуге ынталандыру.
  • Жастар арасында отандық және әлемдік әдебиеттерді насихаттау;
  • «Кітап оқу көсбасшысы– 2021» сайсының үздік оқырмандары мен жетекшілерін анықтап, оларды мадақтау.

Сайыстың өткізілу мерзімі:

Сайыс 2021 ж. 1 қаңтар – 20желтоқсан аралығында өткізіледі.

Сайыстың шарттары

- Сайысқа 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады; 

- Әрбір сайысқа қатысушы өзінің жетекшісін көрсетуі тиіс, ол өзіне оқуға ықпал еткен, кітап таңдауға көмектескен немесе оқыған кітабы бойынша пікір алмасқан – ұстаз, кітапханашы, ата-ана, ата-әже, әпке, ағасы т.б. болуы мүмкін. 

- Оқылатын кітап тек қана А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы қорынан алынуы тиіс (қатысушылар пайдаланған әдебиетті автоматты түрде қадағалау үшін қажет). Оқуға таңдалатын нысан тек көркем әдебиет қана емес, сонымен бірге мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми-танымдық басылым, аудио- және электронды кітаптар болу мүмкін.

- Әрбір қатысушы Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102 үйде орналасқан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхананың тіркеу секторында келіп, сайысқа қатысушы ретінде жетекшісін көрсете отырып тіркелуі тиіс; Кітапханаға келе алмаған жағдайды кітапхананың Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. атты электрондық почтасына электронды түрде өтініш жіберуіне де болады.

- Әрбір қатысушы осы сайыс аясында өзі оқыған шығармасы жайлы көзқарасы мен барынша ұнаған кітабы туралы пікірін баспа, электронды немесе бейнеролик, РРР бағдарламасында презентация түрінде (сайыскердің қалауы бойынша) ұсынуы тиіс; 

- Сайыстың финал кезеңінде іріктеліп алынған қатысушылар әділқазылар алқасының сұрақтарына әртүрлі дәйексөз, фраза, дәлелдермен жауап беріп, өз пікірлерімен алмаса отырып, өздері оқыған шығармадан алған білімдерін ортаға салады.

Сайыс жеңімпаздарын бағалау және іріктеу критерийлері


- Оқыған кітап саны мен оның көлеміне (бет саны); 
- Сайысқа қатысушының білімін айқындайтын пікірлер мен көзқарастардың сапасы және оқыған кітабы жайлы жеке ойынақарайды;
- Оқыған басылымдарының мазмұнын, кітап оқиғалары мен кейіпкерлерін, қызықты деректерді келтіре білуі және кітаптың идеясымен бөлісе алуы тиіс

Сайысты қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Сайысты қорынтындылау 2021 ж. 24желтоқсан, сағ. 15.00 болады. Сайыскерлерді марапаттау төмендегі үш номинациямен өтеді:
– «Үздік оқырман» ( 6-10 жастағы балалар);
– «Үздік оқырман» (10-14 жастағы балалар);
– «Үздік оқырман» (15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер). 
«Үздік оқу жетекшісі» номинациясы жеңімпаздарға ықпал еткен адамдарға табыс етіледі.
Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

«Кітап оқу көшбасшысы» шарты жүктеу

Жаңалықтарға жазылыңыз

Соңғы жаңалықымыздан хабардар болыңыз.
Back to top