«Отбасыммен бірге оқимын» отбасылық оқу сайысы

«Отбасыммен бірге оқимын» отбасылық оқу сайысы

2021 kz2021 жылғы 01 маусым мен 10 қыркүйек аралығында А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылына арналған бағдарламалар аясында «Отбасыммен бірге оқимын» отбасылық оқу онлайн сайысын ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты – отбасылық оқу дәстүрін дамыту арқылы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, балалардың ой-өрісін кеңейту, кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру.


Байқаудың міндеті – балалардың кітап оқуына жетекшілік етуде ата-аналарға көмек беру, кітапты көп оқитын белсенді әрі шығармашыл отбасыларды анықтау және марапаттау.
Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысы аумағында тұратын барлық отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылардың ұсынылған жұмыстары мазмұндылығы; безендірудің бірегейлігі мен эстетикасы; шығармашылық ниеттің тұтастығы және моральдық-этикалық нормаларға сәйкестігі бойынша бағаланатын болады.
Байқауға жұмыстар 2021 жылдың 01 маусым - 10 қыркүйек аралығында Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекенжайына бейне форматта қабылданады.
Байқау қорытындысы туралы ақпарат www.pushkinlibrary.kz сайтында және @ pushkinlibrary.kz әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Байқау ЕРЕЖЕСІМЕН таныс болыңыздар.

 

«Бекітемін»

А. С. Пушкин атындағы ШҚО

кітапханасының директоры

___________ Б. Шағиева

«Отбасыммен бірге оқимын»

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын

 қолдау жылынаарналған байқау

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1.«Отбасыммен бірге оқимын» облыстық онлайн байқауын (бұдан әрі–Байқау) ШҚО мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы» КММ ұйымдастырады.

1.2.Байқау мақсаты–отбасылық оқу дәстүрін дамыту арқылы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, балалардың ой-өрісін кеңейту, кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру.

1.3.Байқау міндеті– балалардың кітапоқуына жетекшілік етуде ата-аналарға көмек беру, кітапты көп оқитын белсенді әрі шығармашыл отбасыларды анықтау және марапаттау.

2. Байқауды өткізу тәртібі

2.1. Байқауға жұмыстар 2021 жылдың 01 маусым - 10 қыркүйек аралығындаэлектронды мекенжайға бейне форматта қабылданады.

2.2.Жұмыстарды қабылдауға арналған электронды пошта мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

2.3.Байқауноминациялары:

- «Отбасылық кітап»–отбасы мүшелерінің сүйікті кітаптары туралы электронды презентациялар, бейнероликтер;

- «Кітап даналығы немесе балалық шағымның сүйікті кітабы»–отбасының визит карточкасы, бір отбасыдағы аға буын, орта буын мен жас ұрпақтыңкітап оқумен байланысты отбасылық дәстүрі мен ерекшеліктері жайлы әңгімелеу;

- «Әкем, анам және мен –отбасымызоқырман» –оқырмандардың электронды формулярлары арқылы 2021 жыл көлеміндеоқылған кітаптар санына талдау жасау (кітапхана ұсынады);

2.4. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысы аумағында тұратын барлық отбасылар қатыса алады.

3. Байқауды өткізу шарттары

3.1. Байқауға электронды презентациялар мен бейнероликтер түріндегі жұмыстар қабылданады.

3.2. Байқауға ұсынылған жұмыс келесі ақпараттарды қамтуы тиіс:

- қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты,

- жасы,

- жұмыстың атауы,

- мекенжайы,байланыс телефондары.

3.3. Байқауғақатысушы өздігіненорындағанжұмыстар ғана қабылданады. Бейнематериалдар, фотохроника, дыбыстық сүйемелдеуді пайдалануға болады.

3.4.Презентациялардың мазмұнын ұйымдастырушылар өңдемейді.

3.5. Қатысушылардың презентациялары бар байқауға ұсынған цифрлық тасымалдаушылары қайтарылмайды.

4. Байқау қорытындысын шығару

4.1. Байқау қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау 2021 жылғы 13 қыркүйекте,Қазақстан Республикасындағы Отбасы күнін мерекелеу аясында өтеді.

4.2.Қорытынды шығару мен үздік жұмыстарды анықтауды Қазылар алқасы келесі критерийлерге сәйкес жүргізеді:

- жұмыстың мәлімделген бағытқа сәйкестігі;

- мазмұндылығы (ақпараттың сапасы, көлемі және толықтығы; сауаттылығы, қисындылығы және баяндалу стилі);

- жұмыстың рәсімделу(оформление) ерекшелігі мен эстетикасы;

- шығармашылық ойдың тұтастығы;

- моральдық-этикалық нормаларға сәйкестігі.

4.3.Жеңімпаздар әрбір критерий бойынша жиналған балл жиынтығымен анықталады. Бір критерий бойынша ең жоғарғы балл саны–10.

4.4. Байқаудың барлық шарттарын сәтті орындаған, отбасылық оқуды ұйымдастырудың бірегей құралдарын, ересектер мен балалардың бірлесе оқу шығармашылығын көрсете білген отбасылар дипломмен және сыйлықтармен марапатталады.

4.5. Байқауға жұмыстарын жіберген барлық қатысушыларға Байқауға қатысушы сертификаты беріледі.

4.6. Байқаудың Қазылар алқасы жекелеген қатысушыларды ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау құқығын өзіне қалдырады.

Байқауқорытындысы туралы ақпарат www.pushkinlibrary.kzсайтында және @pushkinlibrary.kz әлеуметтік желілерінде жарияланады.

 

5. Қазылар алқасы

5.1.Байқауға қатысатын жұмыстарды бағалау үшін Қазылар алқасы құрылады, оның құрамына кемінде 5 адам – кітапханашылар, балалар оқуы жөніндегі сарапшы, педагогтар, жазушылар, қоғам қайраткерлері кіреді. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделіп,Қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

6. Авторлық құқық

6.1.Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына жұмысты Байқауға жіберген қатысушы жауапты.

6.2.Жұмысты Байқауға жібере отырып, оның авторы автоматты түрде Байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды интернетте орналастыру құқығын береді.

 

«Отбасыммен бірге оқимын» сайсының шарты жүктеу

Жаңалықтарға жазылыңыз

Соңғы жаңалықымыздан хабардар болыңыз.
Back to top